Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Аймақ басшысы Президентке биыл 7 айда құны 5,3 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтты. Жалпы қаңтар-шілде айларында өңірдің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 523 млрд теңгені құрады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.
Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:
Ақтау қаласындағы кәріз жүйелерін, сумен қамту жүйелерін және электр желілерін жөндеу жөніндегі толық ақпарат Президентке ұсынылды. Бұл істер толығымен аяқталғанда халықтың тұрақты коммуналдық қызметтерді қолдану сапасы артады.
Дарын Сағитов