Түркістан облысы Отырар ауданында суға батып кеткен екі жеткіншек әлі табылмады. Шымкенттен қосымша күш тартылды. Қалалық жедел-құтқару жасағының 12 құтқарушысы, 1 жүзу құралы және 2 техникасы іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Қазір мұнда бас аяғы 151 адам мен 20 техника, 2 дрон мен 9 қайық жұмылдырылған. Ал, сүңгуірлердің саны 22 адамға жетті. Айта кетейік, Сырдария өзеніне батып кеткен жандардың ең үкені 40 жаста болса, ең кішісі 4 жасар бүлдіршін болатын.
Бақытжан Заппаров, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Сырдарияның жағасында қарау жұмыстары, шолу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 26 километр жаяу жүру және дронмен 51 километр шолу жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Іздестіру құтқарушылармен жалғасуда.
Айнұр Ақбаева