Үш мыңнан астам жас жеңілдетілген несие алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш мыңнан астам жас жеңілдетілген несие алған

23.08.2023

«Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жеңілдікпен несие алып, кәсібін ашып жатқан жастардың қатары артып келеді. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде атқарылған жұмыстың бірі.

Биыл 10 тамызға дейін 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, оның ішінде 3344 жоба мақұлданған. 2 577 жобаны іске асыруға 11,4 миллиард теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылу үстінде.

Несие алушылардың басым көпшілігі - мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар.

Еске сала кетейік, несие 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі. Сомма көлемін 5 миллион теңгеге дейін. Номиналды сыйақы мөлшері жылына 2,5 пйыздан аспайды. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу