Ақтаудағы Президент резиденциясының аумағы мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы Президент резиденциясының аумағы мемлекетке қайтарылды

23.08.2023

Ақтауда Президенттің резиденциясы орналасқан 226 гектарға жуық жер учаскесі заңсыз сатылған болып шықты. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізілген тексерудің нәтижесінде анықталды. «Самал» шағын ауданында орналасқан аумақ вилла құрылысын жүргізу мақсатында 2002-2004 жылдары сатылған. Бастапқыда мұнай компаниясына беріліп, кейін жеке серіктестіктің қарамағына өткен.

Мамандар тексеру барысында сол кездегі қала әкімдігінің шешімінен заңбұзушылықтар тауып, жер беру тәртібінің бұзылғанын анықтады. Сондықтан сот шешімімен құны 1 млрд теңгеге бағаланған учаске мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу