Саяхатшылар достарын Қазақстанға шақырады. Қонақтар еліміздің көрікті жерлеріне ғана емес, адамдардың қарым-қатынасына да дән риза.
Астананы аралап жүрген туристердің көрсетілетін қызметтерге көңілі толады. Экскурсиялық автобустың өзі ерекше көңіл-күй сыйлайды дейді. Көлік жүргізушілері мен экскурсия жетекшілері қазақ және ағылшын тілін меңгерген. Бұл қонақтардың Қазақстан жайлы сауатты мағлұмат алуы үшін маңызды. Тек биыл жазда Елордаға 40 мыңға жуық турист келген. Ал былтыр олардың саны 1 миллионға жеткен. Нәтижесінде туристік қызметтен мемлекет бюджетіне 389 млрд теңге түскен. Ал еліміздегі қонақүйлер 183 млрд-қа жуық табыс тапқан. Мамандар мұны рекордтық көрсеткішке балап отыр.
Марк Рой, турист:
Өзім спортшымын, мұнда жарысқа қатысу үшін Польшадан келдім. Байқағаным шетелдіктер өте көп. Басым бөлігі туристер. Маған әсіресе Сіздердегі биік ғимараттар мен мейрамханаларыңыз ұнады. Қызмет көрсету деңгейі, тағамдардың дәмі бөлек. Жалпы сіздерде экономика жылдам дамып келеді. Қонақжай халықтарыңызды жақсы көремін.
Мәншүк Амангелді, тұрғын:
Мейрамханаларда жиі болып тұрамыз. Және де парктерге де барамыз. Жазды пайдаланып күнде отбасыммен далада тамақ ішкенді жақсы көреміз. Астанаға көшкенімізге бір жыл болды. Осы жақта тұрамыз деген арманымыз болды. Сондықтан көшіп келдік.
Асылбек Данияр