Нан мен ұн бағасы тұрақты болады - Ауыл шаруашылығы министрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нан мен ұн бағасы тұрақты болады - Ауыл шаруашылығы министрі

22.08.2023

Өңірдегі құрғақшылық пен су тапшылығына қарамастан жеткілікті көлемде өнім жиналады. Бидай мен ұнның бағасы тұрақты болады. Үкімет қабырғасында Ауыл шаруашылығы министрі осылай деді. Биыл егін жинау жұмыстарына 426 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Литрінің орташа бағасы 250 теңге. Бұл нарықтағы бағадан 15 пайызға арзан.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бидайдың бағасы, дәнді-бұршақты дақылдар өнімдерінің бағасының өсу потенциялы қазір көрінбейді. Жоспарымыз бойынша баға нанға, ұнға баға тұрақты болады. Ішкі нарықтағы тұтынуышларыдң сұранысын толықтай қамтамасыз етеміз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу