Ұлттық ойын - тоғызқұмалақтан елімізде бірінші рет мектеп оқушылары арасында рапид және блиц түрінен Әлем чемпионаты өтеді. Спорттық әрі зияткерлік біріншілікке 20-дан астам елінен 300-дей жасөспірім қатыспақ. Жарыс қыркүйектің 21-і мен 24-і аралығында Алматы қаласында өтеді. Қазірдің өзінде 8 елде іріктеу сайыстары аяқталған. Жалпы жүлде қоры - 4 миллион теңге.
Сондай-ақ, бір сәтте 3000 бала ашық аспан астында тоғызқұмалақ ойнайды. Бұдан бөлек, қазақтың ұлттық ойыны келесі жылы өтетін V Көшпенділер ойынының бағдарламасына енгізілмек.
Әлихан Бәйменов, Республикалық және дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті:
Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүрсе, әрине, бізде алдағы жылғы біріншілікте, Көшпенділер ойынында 35-40 елдің өкілдері қатысады деп ойлаймыз. Әрі қарайда осы деңгейде дами берсе, әлемдегі ең танымал зияткерлік ойындарға айналуы сөзсіз, оның әлеуеті бар.
Асылбек Данияр