«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау өңіріне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау өңіріне барды

21.08.2023

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау өңіріне барды. 22 дәрігер Болашақ, Жетібай, Мұнайшы секілді бірқатар ауылда болып, тұрғындарға қызмет көрсетті. Арнайы пойыз 8 вагоннан тұрады. Оның 4-уі қан құрамын талдайтын зертханамен, көз-құлақ және ағзадағы сырқат белгілерін анықтайтын заманауи құралдармен жабдықталған.

Еске сала кетсек, пойыз 26 сәуірде Алматыдан шыққан болатын. 6 желтоқсанға дейін 120-дан астам елдімекенге барады. Білікті мамандар бүгінге дейін 37 мыңға жуық адамға медициналық қызмет көрсетті. Оның 15 пайызы балалар. Биыл дәрігерлермен қатар заңгер-медиаторлар да халыққа тегін құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Айнұр Еділбаева, «Саламатты Қазақстан» пойызының бас дәрігері:

Егер нақты диагнозын көріп тұрсақ, дәрігерлер емін де жазып береді. Науқас әрі қарай бақылауда тұру болуы керек болса, жергілікті облыс-аудандық болсын өздерінің дәрігерлеріне сол науқас жайлы ақпаратты жібереміз. Үлкен станцияда 2 күн, кішкентай станцияда 1 күн тұрамыз. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу