Мәскеуде қазақ киносының күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қазақ киносының күндері өтті

22.08.2023

Мәскеуде қазақ киносының күндері өтті. Үш күнге жалғасқан шара аясында үздік қазақ киносы көрермен назарына ұсынылды. Қазақстанда кейінгі 10 жылда түсірілген фильмдер таңдалды. «Бұл халықаралық кинофестивальдерде жоғары бағаға ие болған туындылар»,-дейді мамандар. Қазақ киносын тамашалауға келгендердің қарасы қалың.

Алтынай Нөгербек, актриса:

«Қазақфильм» үздік деген киноларды ұсынды. Оның ішінде өзім қатысқан «Анаға апарар жол», Ермек Тұрсыновтың «Шал» картинасы ұсынылып отыр. Сондай-ақ Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Ореховое дерево», Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» картинасы ұсынылды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу