Алдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 40 спорт түрінен жүлдеге таласады. Ел намысын қорғауға қай спорт түрінен ең көп адам қатысатынына тоқталсақ. Қайықпен жүзуден бас-аяғы 35 адам. Гандболдан ерлер және әйелдер құрамасын қоса алғанда – 32 спортшымыз бар. Су добы, Волейбол, Баскетбол сияқты командалық жарыстарда 20-дан аса адамнан қатысады. Ал ең аз спортшы баратын түрлерге келсек. Бадминтон мен Суға биіктен секіру бойынша 2 адамнан қатысады. Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлетикадан ұлттық құрама үздігі Надежда Дубовицкая ұстап шығады.
Азамат Бейбітұлы