Алматыда құны 115 миллион теңге тұратын автокөлік заңсыз рәсімделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда құны 115 миллион теңге тұратын автокөлік заңсыз рәсімделген

18.08.2023

Алматыда құны 115 миллион теңге тұратын автокөлік иесінің келісімінсіз басқа азаматтың атына рәсімделген. Mercedes Benz S-класс маркалы темір тұлпардың құжаты қаладағы №1 Мамандарылған Халыққа қызмет көрсету орталығыда тіркелген. Бүгінде дейін 7 рет иесі ауысқан көлікті әуел баста сатып алған азамат өзіне қайтара алмай отыр

Астаналық азамат 2021 жылы Германияда сатып алған қымбат көлікті Алматыға әкеліп, танысына сатып, орнына арзандау бірнеше көлік алуды ұсынады. Содан су жаңа Мерседесті қалдырып, өзі шаруаларымен кетеді. Көп ұзамай танысының автокөлікті басқа біреуге сатып жібергенін біледі.

Олег Чернов, зардап шегушінің адвокаты:

Менің клиентім көлікті басқа адамның атына рәсімдеген танысынан ақша алмаған. Яғни, алып-сату туралы келісім жасалмаған. Сондқытан ХҚКО қызметкерінің бұл келісімді қалай жасағаны түсініксіз. Құқық қорғау органдарына арыз жазып, тексере келе клиентім көлікті 2022 жылы қыркүйекте Ресей аумағында сатты деген құжатты таптық.

Көлікті иесінің келісімінсіз басқа азаматтың атына рәсімдеген халыққа қызмет көрсету орталығынының қызметкері жұмыстан өз еркімен кеткен. Оқиғаға қатысты жауапты мекеме өкілдерінің айтар уәжі мынадай.

Мұхтар Отарбай, мамандандырылған ХҚКО Дамыту департаменті директорының орынбасары:

Айтылған көлік құралы 2021 жылдың қыркүйек айында алғаш тіркеуге қойылған. Шағымда айтылған азаматша мен тіркеген көлік құралының арасында келісімшарт жасалынған. Соның негізінде тіркеуге қойылған. Одан кейін көлік құралы бірнеше рет тіркеуден өткен. Рәсімдеген маман қазір мемлекеттік корпорацияда жұмыс істемейді Алматы қаласында.

2021 жылдан бері автокөліктің иесі 7 рет ауысқан. Мамандар келісімшарттардың барлығы заң жүзінде жасалғанын алға тартад. Дегенмен, көлікті әу баста сатып алған азамат пен оның адвокаты мұнымен келіспейді. Қазір аталған дерекке қатысты іс қозғалып тергеу жүріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

Автокөлік айып тұрағына тоғытылды. Енді бұл іске қатысы бар, яғни құжаттардың рәсімделуін, бірнеше рет сатуға қатысы бар азаматтар міндетті түрде анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалып содан соң міндетті түрде жауапқа тартылады.

Көлікті иесінен алып қалып, басқа біреуге сатып жіберген адам бұған дейін жасаған қылмысына байланысты темір торда отыр. 115 млн теңгеге сатып алынған қымбат көлік қазір бастапқы құнын жоғалтқан, сондықтан зардап шеккен тарап күдіктілерден материалдық шығын өндіріп алғысы келеді.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу