«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Кен орнындағы құрылғылардың тең жартысы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Кен орнындағы құрылғылардың тең жартысы тозған

18.08.2023

Апат болған «Қазақстан» кен орнындағы құрылғылардың тең жартысы тозған. Және өрт шыққан конвеердің лентасы жуырда ғана жаңартылыпты. Бұл туралы «Арселор миттал теміртау» компаниясы директорының міндетін атқарушы Виктор Гафиулов өзі айтты. Оқиғаға байланысты Шахтинск қаласында арнайы брифинг өткен.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Шахтада 1514 адам жұмыс істеген. Позициялау жүйесі болған. Яғни, адам қай жерде жүргенін жоғарыдан көріп отырған. Дегенмен өрт салдарынан жүйе 30 минуттан кейін істен шыққан. Жоғалған адамдардың соңғы сигнал түскен аумақтан іздестіріліп жатыр. Жалпы кен орны былтыр жыл соңында толық тексеруден өткен. Және ол жерден өте көп заңбұзушылық анықталған.

Кеңгірбай Есенеев, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы:

168 заң бұзушылық табылды.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу