Әлі де бірнеше кенші шамамен 11 сағаттан бері табылмай жатыр. Қазір жедел іздестіру-құтқару шаралары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, шахтадағы конвейер таспасы тұтанып, жер астын қара түтін басқан кезде кеніште 227 адам болған.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына Кәсіби авариялық-құтқару қызметінен 15 қызметкер мен 5 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, кеншілерде өзін-өзі құтқару құрылғысы болған дейді. Бірақ ондағы ауа шамамен 5 сағатқа ғана жететін көрінеді.
Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:
Осындай апатты жағдай шахтада болды. Таңертең осындай мәлімет түсті. 222 кенші жер бетіне көтерілді. Құтқару жұмыстары жүргізілуде. штаб өткіздік. Кейін тағы мәлімет беретін боламыз.