Марат Ахметжанов: Елімізде қылмыс саны азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Ахметжанов: Елімізде қылмыс саны азайды

17.08.2023

Елімізде қылмыс саны азайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі айтты. Марат Ахметжановтың сөзінше, бұзақылық, тонау, мал ұрлығы және денсаулыққа ауыр зақым келтіру сынды қылмыстар саны айтарлықтай азайған. Есірткіге қарсы күрес барысында 14 тоннадан астам зиянды заттар тәркіленіп, 52 зертхана жойылған. Ал интернет-алаяқтыққа қарсы күресті күшейту үшін «КиберПол» жобасы қолға алынды.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

Президент тікелей тапсырма берді. Тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету. Және адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселесін күшейту.
Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу