Солтүстік Қазақстанда қызылша жұқтырған 12 адам тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда қызылша жұқтырған 12 адам тіркелді

17.08.2023

Солтүстік Қазақстанда қызылша жұқтырған 12 адам тіркелді. Мамандардың айтуынша, індетпен ауырғандардың 50 пайызы ауруға қарсы екпе алмаған. Науқастардың жағдайы қалыпты. Үш адам шет елден. Атап айтар болсақ, Қырғызстан, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінен келгеннен кейін ауырған. Соңғы рет өңірде қызылша жұқтырған науқастар 2019 жылы тіркелген болатын. Қауіпті инфекцияға шалдыққан 300-ге тарта адам емделіп шыққан еді.

Айнаш Сағындықова, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

Қызылша ол жұқпалы өте ауыр инфекция болып табылады. Ол ауа тамшы жолы арқылы жұғады. Және ол ең бірінші шырышты қабатты зақымдайды. Содан кейін ол денеге таралады.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу