Елдегі медицина ғылымындағы мәселелер пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі медицина ғылымындағы мәселелер пысықталды

17.08.2023

Медицина саласындағы ғылыми жобаларға арналған білім гранттарын бөлу талаптарын өзгерту қажет. Ғалымдардың айтуынша, бұл мақсаттағы қаржы уақытылы түспейді. Ал зерттеу жұмыстарын жүргізу мен ғылыми мақалаларды әлемдік баспасөз беттерінде жариялау үшін 3 жыл аздық етеді. Осы мәселелер Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында көтерілді. Бұдан өзге ядролық медицина, клиникалық хаттаманы енгізу, кадр тапшылығы, ғылым ордаларын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудегі олқылықтар сөз болды. «Саладағы кешенді проблемаларды шешу үшін номративтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу қажет», - дейді ғалымдар. Бұл ретте Ұлттық ғылым академиясы арнайы ұсыныстар әзірлемек.

Ләззат Ерәлиева, ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

Қарарды біз Ғылым және жоғары білім, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрліктеріне тапсырамыз. Бірқатар мәселені Парламент депутаттарының қарауына ұсынамыз. Яғни, медицина мен ғылымның алдында тұрған проблемаларды біз түрлі деңгейде көтереміз.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу