Жемқорлардан қайтарылған қаржыға ел бойынша 62 мектеп салынады. Яғни, қазынаның ақшасын жымқырып қашқандардан тәркіленген қаражат арнайы құрылған Қор арқылы осы мақсатқа жұмсалмақ. Жалпы саны 76 мың балаға шақталған 62 білім ордасы еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бой көтермек. Қор өткен жылдың желтоқсан айында құрылғаны белгілі. Содан бері оның есепшотына 150 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
Азамат Бейбітұлы