Қырғыз елі Қазақстанға су беруді тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз елі Қазақстанға су беруді тоқтатты

16.08.2023

Қырғыз елі Қазақстанға су беруді тоқтатты. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді. Салдарынан Жамбыл облысының бірнеше ауданында су тапшылығы байқалған. Еске салайық, Қазақстан шілде айында Киров қоймасынан жіберілетін су көлемін арттыруды сұраған. Алайда, көрші елдің ауыл шаруашылығы министрлігі судың өздеріне жетпей жатқанын айтып, бас тартты. Суды тоқтату туралы құжатқа 4 тамызда қол қойылған. Айта кетейік, еліміздің оңтүстік аймақтары толығымен Қырғызстаннан келетін суға тәуелді. Мәселен, Жамбыл облысына судың 80%-ы көрші елден келеді. 1983 жылдан бері Қазақстан мен Қырғызстан Шу, Талас пен Тоқтоғұл су қоймасындағы суды бөлісіп отыр.


Хабарламаларға жазылу