Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстан-Қытай бизнес-форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстан-Қытай бизнес-форумы өтті

16.08.2023

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстан-Қытай бизнес-форумы өтті. Еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін 200-ден астам қытай кәсіпкері қатысты. Вице-премьер Серік Жұманғарин ел аумағында салық жеңілдіктерін ұсынатын арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құрылғанын атап өтті. Әрі Қазақстанға келетін инвестицияның үш бағытына тоқталды. Оның біріншісі – логистика, екіншісі – өңдеу өнеркәсібі және соңғысы – ауыл шаруашылығы саласы.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі:

Инвестиция қажет ететін басты бағыт – логистика саласы. Қазір шекара маңындағы аймақтарда сауда-экономикалық хабтар, логистикалық орталықтар желісі құрылып жатыр. Оларды дамытса, ЕАЭО мен Орталық Азия елдерінің негізгі торабына айналатын әлеуеті бар. Қытайдан Еуропаға тауар тасымалдауда Қазақстанның мүмкіндігі мол.

Хабарламаларға жазылу