Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты 5 офицер жұмыстан кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты 5 офицер жұмыстан кетті

16.08.2023

Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты 5 офицер жұмыстан кетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Ерік Беріков айтты. Тағы бір әскеридің қызметі төмендетілген. Еске салайық, былтыр тамыз айында «Шөлдала» заставасында мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген 18 жастағы Бекбол Мираш көз жұмған еді. Құзырлы органдар оның өз-өзіне қол салғанын хабарлаған. 

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу