Алматыда заңсыз иемденген 30 га жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда заңсыз иемденген 30 га жер мемлекетке қайтарылды

16.08.2023

Алматыда құны 7 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Заңсыз иеленген учаскелерді прокуратура анықтаған. 2014 жылы шаһардың шекарасы кеңейтіліп Алматы облысындағы жерлердің бір бөлігі қала құрамына енген. Қарасай ауданындағы 30 га жерді «Халықаралық клубтар қауымдастығы» серіктестігі қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша міндетін орындамаған. Прокуратураның талап-арызы бойынша сот шешімімен жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу