Шетелден туристер ғана емес, этникалық қазақтар да көптеп келіп жатыр. Биыл атамекенге қоныс аударған 13,5 мың адам қандас мәртебесін алды. Олардың 55 пайызы Өзбекстаннан, 20 пайызға жуығы Қытайдан, 10 пайызы Моңғолиядан, 9 проценті Ресейден, 5 пайызы Түрікменстаннан келді. Қандастар еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс пен Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанған.
Досжан Маратұлы