Алматылықтар «Q-net» қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар «Q-net» қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған

16.08.2023

Алматылықтар «Q-net» қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Мамандарының мәліметіне сай, қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдікке ілінген 5 адамға қатысты тергеу аяқталды. Олар 2018-22 жылдар аралығында «Q-net»-ке 45 салымшы тартқан. Материалдық шығын көлемі 75 млн теңгені құрайды.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Қазіргі таңда 5 айыпталушыға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Сот қаулысымен құны 27,7 млн теңге болатын мүлік бұғатталды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеу мен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеміз.


Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу