Ресейде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды. Жетісу облысында туған Филипп Парасенко мен Солтүстік Қазақстанның тумасы Иван Сурнин 1942 жылы Ржев түбіндегі қанды шайқаста қаза тапқан. Жауынгерлер жуық арада Қазақстанға жеткізіліп, туған өлкелерінде жерленеді. «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің айтуынша, 5 жыл ішінде соғыс жылдарында хабарсыз кетіп, қаза тапқан 2,5 мыңнан астам қазақстандық анықталған.
Мұрат Молдағалиев, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы:
Бүгінгі таңда бізге майданға кетіп, оралмаған туыстарын іздестіріп жүрген азаматтардан 7000-нан астам өтініш түсті. Сондықтан бұл жұмыс жалғасады. Қазір елімізден соғысқа аттанған 7 жауынгердің сүйегін сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр. Туыстары табылмаған отандастарымызды да елге жеткізу үшін келіссөздер жүргіземіз.
Индира Бегайдар