Cуданда азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cуданда азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы

16.08.2023

Cуданда азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы. Елде 4 айға созылған қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Осының салдарынан экономикалық-гуманитарлық дағдарыс күшейген. Билікке таласқан топтар арасында текетірестің әзірге басылатын түрі жоқ. Зорлық-зомбылық құрбандарының саны 5 мыңнан асқан. Күллі ел аумағында 200-ден аса аурухана қызметін тоқтатты. Тұрғындар арасында безгек пен тырысқақ індетіне шалдыққандар көбейген. БҰҰ-ның дерегінше, судан халқының жартысына жуығы ашаршылықты бастан кешіп жатыр. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу