Елімізде осы оқу жылынан бастап 7 145 студенттің жатақханада тұру ақысы мемлекет тарапынан өтеледі. Президенттің халыққа арнаған жолдауында «әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттағы жастар үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау» туралы үкіметке нақты тапсырма жүктелген. Өтемақыны жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ мүгедектігі бар жастар алады.
Биыл барлығы 7 мыңнан аса студент өтемақы алады. Олардың ішінде 4 мыңнан астамы жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер, екі жарым мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар. Жатақханада тұру шығындары үшін берілетін өтемақы сомасы жылына 29 айлық есептік көрсеткішке тең.
Ақерке Абылайхан, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
Жатақхана төлемі 12 мың теңге болса, мемлекеттен 10 мың теңгесі төленеді. Ал өңірлерде жатақхана ақысы 7 мың теңге. Яғни мемлекеттен толық төленеді. Бұл тек мемлекеттік университетте оқитын студенттерге ғана емес, барлық осы санаттағы студенке төленеді.
Азамат Бейбітұлы