23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін Азия ойындары алғаш рет жазғы Олимпиадаға бір жыл қалғанда ұйымдастырылмақ. Қатысушылар спорттың 40 түрінен сынға түссе де, барлығында бірдей лицензияға таласа алмайды. Сол себепті лицензия сарапқа салынатын спорт түрлерін тізіп санын түгендеп өтейік.
Бокстан – 13 лицензия, Садақ атудан – 3, Заманауи бессайыс – 2, Брейк-данстан – 2 ,Үлкен теннистен – 5 лицензия және Су добынан – 2, Әртістік жүзу бойынша – 2, сондай-ақ көгалдағы хоккей спорт түрінен - 2 лицензия сарапқа салынады.
Ал Париж Олимпиадасына кіретін өзге спорт түрлерінен Азия ойындарында жүлделер сарапқа салынса да, лицензия берілмейді. Кей жарыстар спортшылар үшін рейтингтік ұпай беруге көмектеседі. Медаль көп сарапқа салынатын күрес түрлерінен лицензия әлем чемпионаты мен келесі жылы өтетін іріктеу додаларында ойнатылады.
Азамат Бейбітұлы