Жеке тұлғалардың банктегі жинағы рекордтық 18 триллион теңгеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке тұлғалардың банктегі жинағы рекордтық 18 триллион теңгеге жетті

15.08.2023


Жеке тұлғалардың банктегі жинағы рекордтық 18 триллион теңгеге жетті. Жыл басынан бері 6,4 пайызға артып, 1 триллион 100 миллиард теңгеге көбейген. Салымның 80 пайызы 21 банктің 5-еуінде ғана сақталған. Сарапшылар депозит көлемінің артуына базалық мөлшерлеменің жоғары болуы әсер еткен дейді. Әрі халықтың банктерге деген сенімі нығая түскен.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу