Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 9 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 9 жыл толды

15.08.2023

Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 9 жыл толды. Мерекеге орай саланың үздіктері марапатталды. Яғни, өткен жылдың қорытындысы бойынша міндетін мінсыз атқарған аумақтық департаменттер мен басқармалардың жұмысы сараланды. Оларға жоғары көрсеткіштері үшін әртүрлі номинациялар бойынша дипломдар табыс етілді.

Жарысқа облыстық мемлекеттік кірістер департаменттері мен олардың аудандық басқармалары қатысқан. Үздік деп танылған 162 қызметкер «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ал «Берешекпен жұмыс» номинациясын жеңіп алған Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы бұл марапат еңбек етуге құлшынысымызды арттырады дейді.

Фердоуси Қожабергенов, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

104 млн теңгеге дебеторлардың есебінен өндіріп алу, 140 млн теңгеден инкасор есебінен және де мүлікті мәжбүрлі сату арқылы 42 млн теңге басқа да бағыттар бойынша жүргізген жүйелі жұмыс нәтижесінде 1 млрд 5 млн теңге немесе 33 % берешектерді азайтуға қол жеткізілді.


Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу