Дағыстан Республикасының астанасы Махачкалада жанармай құю станциясында жарылыс болып, 25 адам қаза тапты.
Мұны «Интерфакс» агенттігі хабарлап отыр. Құрбандардың ішінде 2 бала бар. Тағы 60-қа тарта адам жарақат алған. Жергілікті үкімет өкілдерінің сөзінше, өрт алдымен жол бойындағы көлік жөндеу шеберханасында басталған. Мұнан соң от ұшқыны жақын маңдағы жанармай станциясына қарай ұшып, газ толтырылған екі цистерна атылған. Алапат өрт осы аумақта жүрген адамдарды да шарпыған. Соңғы мәліметке қарағанда, 500 шаршы метрдей аумақ жанып кетті. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.
Арыстан Рысбек