Баянауылда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауылда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойы өтті

14.08.2023

Баянауылда қазақ ақыны және ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойы өтті. Ашық аспан астында жүзден астам киіз үй тігіліп, этноауыл бой көтерді. Республикалық ақындар айтысы, жыршы-термешілер байқауы, көкпар, бәйге мен қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды. Дүбірлі думанға қатысқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қонақтарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Торайғыров университеті «Мәшһүр жолы» аудиокітабының, 10 томдық «Таңдамалы шығармалар жинағы» атты аудиокітабының тұсаукесерін өткізді. Сондай-ақ мәшһүртанушылардың кездесуі ұйымдастырылды. Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қолөнершілердің қатысуымен Халықаралық Орта Азия жәрмеңкесі және суретшілер көрмесі де осы шара аясында өтті.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі», – деп атап көрсеткен еді. Сонау ілкі ғасырлардан бастау алған «кемал адам»,«толық адам» ілімімен, ұлттың болмысын қалыптастыратын осы ұлттық қасиеттердің асыл арқауын жалғаған бірегей абыздарымыздың бірі Мәшекең деп санаймыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу