Қытайдың Цзяньсу провинциясында құйын көтеріліп, 2 адам қаза тапты. 15 тұрғын жараланған. 300-ге жуық үйге зақым келді. Торнадо Шанхайдан бірнеше сағаттық жердегі егін алқаптарынан өткен. Қазір табиғи апаттан келген шығын мөлшері есептеліп жатыр. Қытай ай басында соққы берген «Доксури» тайфунынан әлі айыға алмай отыр. Елде алапат тасқын жүріп, лай көшті.
Арай Төлегенқызы