Солтүстік Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған 5 адам бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған 5 адам бас бостандығынан айырылды

14.08.2023

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған 5 адам бас бостандығынан айырылды. Олардың балаларына берешегі 9 млн теңгеден асып кеткен. Тағы 3 адамның ісі сотта қаралып, қарызын өтегендіктен жауапкершіліктен босатылды. Жалпы өңірде ата-аналық міндетін орындамай жүрген 7500-ден астам адам бар. Берешек сомасы 166 млн теңгеден асады. Қазір тағы 13 борышкер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Рустам Сәденов, СҚО прокурорының көмекшісі:

Ата-ана кәмелетке толғанша бала-шағасын асырауға міндетті. Парызын тиісті деңгейде орындамағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәселен, 10 ай бойы алимент төлемеген азамат баласына 1,5 млн теңге қарыз болған. Ол 2 жылға сотталды.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу