Ауғанстанда ұзаққа созылған қуаңшылықтан өзендер тартылып, су тапшылығы сезіліп отыр. Фермерлер бұрын жылына үш рет астық жинаса, қазір бір рет қана егін орады. Бұл елде жалпы ішкі өнімнің үштен бірі – аграрлық сектордың үлесінде. Сондықтан құрғақшылық экономикаға орасан қауіп төндіріп тұр. Ауғанстанда 42 миллиондай тұрғын бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше азық жетіспеушілігі мұнда өткір мәселеге айналған. Зерттеулерге қарағанда Ауғанстан климаттың өзгеруімен байланысты қауіптерге душар болу индексі бойынша әлемде алтыншы орында. Сарапшылар жоғары температура мен жауын-шашынның аздығы келешекте қуаңшылықты тіпті күшейтуі мүмкін деп отыр.
Арыстан Рысбек