Елімізде астық импортына қойылған шектеу жарты жылға ұзартылды. Негізі оның мерзімі қазанда аяқталуы керек еді. Сауда және интеграция министрлігі отандық диқандарды қолдап, бағаны тұрақтандыру үшін шектеуді ұзартып отыр. Өйткені Ресейден бидай, тары, арпа секілді өнімдер контрабандалық жолмен елімізге кіріп келген. Оның бағасы әлдеқайда арзан болғандықтан кәсіпкерлер бидайын сата алмай, шығынға батқан еді. Енді шектеу болғандықтан астықты көлікпен және пойызбен елге кіргізуге болмайды.
Досжан Маратұлы