Петропавл жылу электр орталығында құрылысы аяқталмаған мұржа қайта бұзылып жатыр.
Себебі нысан дұрыс салныбай, қисайып кеткен. Қазір мұржаның жоғарғы бөлігі бұзылып жатыр. 180 метрлік нысанның құрылысына коммуналдық компания есебінен 2,5 млрд теңге бөлінген. Көктемде іргетасы қаланған мұржаның биіктігі 39 метрге жетіп қалған еді. Енді оның қанша бөлігі бұзылатыны белгісіз. Жылу орталығының басшылығы шығынды бас мердігердің өзі көтеретінін айтты. Естеріңізге сала кетсек, былтыр наурыз айында старегиялық нысанда түтін мұржасы опырылып құлаған болатын. Төтенше жағдай кезінде бір жұмысшы үйінді астында қалып, мерт болды.
Дмитрий Захаров, Петропавл жылу электр орталығының директоры:
Жылыту маусымын бастауға ешқандай кедергі жоқ. Себебі барлық қазандықтар қалған екі мұржаға қосылған. Құрылыс қашан қайта жалғасатыны белгшісіз. Бетон құятын автоматты қондырғы орнынан жылжып кеткен. Сондықтан ақау пайда болған. Арнайы комиссия іске кірісті. Ендігі жұмыс мамандардың жасаған қорытындысына сай атқарылады.