Елімізде ұшақпен ұшу қымбаттай түсті. Energyprom агенттігінің хабарлауынша өткен бір айда ғана билеттердің бағасы 10 процентке артқан. Әсіресе Жетісу, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарынан ұшу құны 50 пайызға дейін шарықтаған. Сарапшылар мұны жаз мезгілінде сұраныстың артуымен байланыстырады. Айта кетейін жыл басынан бері отандық әуекомпаниялар 6 миллиондай жолаушы тасымалдаған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 30 процентке көп.
Досжан Маратұлы