Екі кештің ортасында орын алған аптаттан тұрғындарды сыртқа шығарып үлгерген ержүрек азаматтарымыздың өзін тыңдасақ. Олар сол сәтте қалай әрекет еткен?
Тілеужан Ахметхан, қала тұрғыны:
Басты ниетім, өзімнің де бала-шағам бар. Ана балалар шыңғырған кезде тұра алмай қалдым, жүгіріп кіруге тырыстым. Кіріп, қолымнан келгенше алып шықтым, соңғысы енді қиындау болды. Басыма орап алған кезде ол кезде көзім де жабық тұрды. Мен қолмен. Мысалы, балам төсектің үстінде жатыр дегенді естіп алам да қолмен сипап жүріп тауып алам ғой жаңағыдай.
Шюкрю Гюнай, құрылысшы:
Мен қолмен шығып 16 этажға 3 бала мен анасын түсірдік, сосын 15 этажда 2 жас жігіт және мамалары бірге болды. Адамдар бізді мақтасын деп жасаған бір нәрсе емес бұл. Ондай есімізге келмеді. Менің орнымда кім болса да, солай көмектесетін еді.