Ауғанстан тәліптерінің делегациясы Қазақстанға сапарында халықаралық қаржылық операциялар проблемасын талқылаған. Мақсат – банк секторының оқшаулануын жеңілдету. «Рейтер» агенттігіне сұқбат берген осы елдің сауда және индустрия министрінің міндетін атқарушы Нооруддин Әзизи осылай деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, ол Астанада транзиттік бағыттар, преференциалық сауда тарифтері мен телекоммуникациялық жобалар мәселесі де қарастырылғанын атап өтті.
Арыстан Рысбек