Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартиді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартиді қабылдады

11.08.2023

Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартиді қабылдады. Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші ретінде атқарған еңбегі үшін алғыс айтты. Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын да атап өтті. Мемлекет басшысы Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу