ДДҰ Еуропалық комитетінің сессиясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДҰ Еуропалық комитетінің сессиясы өтеді

11.08.2023

22-23 қазанда Астанада Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференция өтеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының іс-шараларын өткізу аясында дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу барысында айтты. Конференцияға 80 елден 600-ден астам делегат қатысады деп жоспарланған.

Онлайн форматта 2 мыңға жуық адам атсалысады. Ал 24-26 қазанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясы өтеді. Оған 53 елдің денсаулық сақтау министрлері қатысады. Басқосуда өңірлік мәселелер талқыланып, бірлескен қарар қабылданады.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу