Гавайи аралдарындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 53-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавайи аралдарындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 53-ке жетті

11.08.2023

Гавайи аралдарын шарпыған орман өртінен қаза тапқандар саны 53-ке жетті. Олар алдағы уақытта бұдан да артуы мүмкін деген болжам бар. Лапылдаған жалыннан әсіресе Мауи аралы зардап шекті. Аптап ыстық пен құрғақшылық өрттің жылдам тарауына себеп болған. Президент Джо Байден әкімшілігі Гавайдағы өртті «табиғи апат» деп жариялады.

Тілсіз жаумен күреске федералдық күштер мен құрал-жабдықтар жіберілетінін мәлімдеді. 1700-ден астам үйді жалын шарпыған. 11 мыңдай адам жарықсыз қалып, 2 мыңнан астамы уақытша баспаналарда түнеуге мәжбүр болды.   


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу