АҚШ-тың Гавай штатында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Гавай штатында төтенше жағдай жарияланды

10.08.2023

АҚШ-тың Гавай штатындағы Мауи аралында өрт құрбандарының саны 36-ға жетті. Жергілікті аурухана күйік шалған және түтінге тұншыққан науқастарға толған. Өртті сөндіруге «Дора» дауылымен келген күшті жел кедергі келтіріп жатыр. Мұнда желдің жылдамдығы сағатына 97 шақырымға жеткен. Мауиде 13 мыңдай тұрғын электр жарығынсыз қалды. Телефон байланысы үзілген. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер тілсіз жау өршіген аудандардың кейбіріне жете алмай жатыр. Себебі жолға құлаған ағаштар, электр желілері жолдарды жауып тастаған. Күрделі ахуалға байланысты аралда төтенше жағдай жарияланды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу