Қазақстандықтардың жылу үшін төлеген 1 миллиардқа жуық теңгесі қайтарылады. Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу есептегіш құрылғысы жоқ тұтынушыларды анықтап, коммуналдық қызметтің құнын қайта есептеді. Тұрғындар ақшасын келесі жылыту маусымында қайтарып ала алады. Яғни алдағы уақытта коммуналдық қызметтің бұл түрі бойынша шот бұрынғы төленген ақшаның есебінен өтеледі. Ол ай сайынғы түбіртекте жазылып отырады. Қайтарылатын ақшаның көп бөлігі Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облысына тиесілі.
Айя Мүтәлі