Қазақстанда сұйытылған мұнай газы экспортына тыйым салынады. Энергетика министрлігі ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін осындай қадамға барды. Себебі сұйық отынның бұл түрін тұтынушылар жылдан жылға көбейіп келеді. Былтыр тұтыну көлемі 28 пайызға өскен. Ай сайынғы сұраныс 100 мың тоннадан асты. Жаз мезгілінде, тіпті, 140 мың тоннаға жеткен. Алайда өндіріс орындары жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына жабылған соң, ішкі нарықтың 15-25 пайызы қамтылмай қалған. Министрлік осыны ескеріп, сұйытылған газды алты айға дейін сыртқа экспорттауға шектеу қоймақ.
Айя Мүтәлі