Алматыда жас қауым Абай өлеңдерін қазақ және ағылшын тілінде жырлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жас қауым Абай өлеңдерін қазақ және ағылшын тілінде жырлады

10.08.2023

Алматы жұртшылығы да Абай күнін ерекше атап өтті. Мерекелік шара ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысқан жиын Ұлттық кітапханада жалғасты. Жиналғандар Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен жақын танысып, әдеби мұрасына қанықты. Жырсүйер жас қауым ақын өлеңдерін қазақ және ағылшын тілінде жырлап, «Қара сөздерінен» үзінді оқыды. Күйшілер күмбірлете күй шертсе, бишілер қазақ биімен тәнті етті. Шара аясында ақынның шығармалары жинақталған кітаптар көрмеге қойылып, оқырманға таныстырылды.

Нұржан Қуантайұлы, ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

Ахмет Байтұрсынұлы жазған «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Заманнан заман өтер. Бірақ Абайдың ұлылығы, Абайдың биіктігі қала береді» деп Ахаң баға береді. Сондықтан ол кісінің қазақ әдебиетіндегі, қазақ философиясындағы орны Хантәңірідей биік.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу