АҚШ-тың Гавай аралдарында алапат орман өртінен 6 адам қаза тапты. Кейбір тұрғындар өрттен аман қалу үшін мұхитқа секіруге мәжбүр болған. Оларды жағалау күзеті құтқарды. Жалыннан әсіресе Лахайн қаласы қатты зардап шеккен. Мыңдаған адам электр жарығынсыз қалды. Телефон байланысы үзілді. Дүлей дауыл көтеріліп, жалынның тез тарауына ол да ықпал еткен. Аптап ыстық та басылмай тұр.
Арай Төлегенқызы