Шығыс Қазақстанда тұрғындарға жылудың артық төлемі қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда тұрғындарға жылудың артық төлемі қайтарылады

10.08.2023

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 2022-2023 жылдары жылуға артық төлеген ақшалары қайта қайтарылмақ. Ол жарты миллиардқа жуық теңге. Монополияға қарсы департамент өңірдегі жылумен қамтамасыз ететін компаниялардың соңғы екі жылдағы тарифтік төлем бағасына тексеру жүргізе келе осындай шешім шығарды.

Монполист компаниялар жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушылардан сырттағы ауа темпратурасын ескермей жыл он екі ай бір тарифпен есептеп, ақы алып отырған. Ал орталық жылуға қосылған отбасылар нақты тұтынған жылу мөлшеріне ғана қаржы төлейді. Ол қайта есептеуге жатпайды.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу