Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 49 500 теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Былтыр осы уақытта 45 мың теңге шамасында болған. Төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары мөлшері Маңғыстау облысында: 62 мың теңге. Одан кейін Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары тұр. Ал қалған 16 өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық мәннен төмен.
Айя Мүтәлі