«Астана-Бодрум» бағытындағы ұшақ ақау шығып, Ақтауға қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Бодрум» бағытындағы ұшақ ақау шығып, Ақтауға қонды

09.08.2023

Астанадан Бодрумға ұшқан ұшақтан ақау шығып, Ақтауға қонуға мәжбүр болды. Бордта 163 жолаушы болған. Олар 8 сағат бойы Астанадан басқа ұшақтың жіберілуін күткен. Ал ақау AirAstana-ның әуе кемесінен шыққан. Себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, заң бойынша ұшақтың әр кешіккен сағатына билет құнының 3 пайызы төленуі тиіс. Ол үшін жолаушы әуе компаниясының сайтына кіріп, өтініш қалдыруы тиіс.

Тілек Әбдірақымов - AirAstana әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері:

Бүгін Астана уақытымен 19:20-да қосымша ұшақ Ақтаудан Бодрумға кешіккен рейстің 163 жолаушысын діттеген жеріне жеткізбек. Бүгінгі рейстің кешігу себебі - ол отын жүйесіндегі ақау. Кешігудің әрбір сағаты үшін 3 пайызды төлейміз.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу